Спорт
1 мин оқу 240

Қазақстандық гимнасттар Ливерпульде топ жарды

<p style="text-align: justify;">Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының көшбасшылары Милад Карими&nbsp;мен Нариман Құрбанов Ливерпульде өтіп жатқан әлем&nbsp;чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Милад Карими еркін жаттығуларында жоғары нәтиже көрсете алды. Ол 14.733 ұпай жинап, үшінші орыннан финалға жолдама алды.

Ал Нариман Құрбанов іріктеу кезеңін үшінші болып аяқтады. Гимнастикалық ат үстіндегі жаттығуларда төрешілер оның өнерін 15.033 ұпайға бағалады.

Бөлісу:
Қазақстандық гимнасттар Ливерпульде топ жарды · Egemen Qazaqstan