Экономика
1 мин оқу 211

Инфляция жоғарылаған өңірлер белгілі болды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, қазан айында&nbsp;2,3%-дық инфляция Шымкентте байқалды&raquo;, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ал Қостанай және Ұлытау облыстарында инфляция көрсеткіші 0,8%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,8%-ға төмен.

Бұл ретте азық-түлік тауарлары бір айда Шымкентте 3%-ға, Атырау облысында 0,8%-ға қымбаттады.

2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазан айында азық-түлік емес тауарлардың қымбаттауы бойынша көшбасшы Астана қаласы болды. Мұнда 2,6% тіркелді. Ал ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсімді Алматы облысы көрсетті.

2022 жылдың қазан айында Қазақстанда айлық инфляция 1,6%-ды құрады, ал жылдық есепте 18,8%-ға дейін өсті.

Бөлісу:
Инфляция жоғарылаған өңірлер белгілі болды · Egemen Qazaqstan