Оқиға
1 мин оқу 290
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға 1 қараша күні Ақтөбе - Астрахань автожолында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі Қарауылкелді ауылынан Ақтөбе қаласына қарай келе жатып, Байғанин ауданы Кенжалы ауылының тұсында Ақтөбе - Астрахань автожолының жиегінде тұрған DAF жүк көлігіне соқтығысқан», деп жазылған хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды, ал 56 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Бөлісу:
