Аймақтар
1 мин оқу 1,525

Қызылорда облысының полиция департаментінде қайғылы жағдай орын алды

<p style="text-align: justify;">Қызылордада &nbsp;құрылыс алаңында қайғылы жағдай орын алып, темір саты әйелдің басына құлаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ ресми парақшасына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Оқыс оқиға бүгін, 2 қарашада болған. Қызылорда облысының полиция департаментіне қарасты емханада жөндеу-құрылыс жұмыстары кезінде темір саты әйелдің басына түсіп, алынған жарақаттан оқиға орнында көз жұмған. 

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу)  бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының өкілдері.

Бөлісу:
Қызылорда облысының полиция департаментінде қайғылы жағдай орын алды · Egemen Qazaqstan