Оқиға
1 мин оқу 631

Қарағанды ​​облысындағы шахтада төрт кенші қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Бүгін түнде Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтада апат болып, төрт кенші қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

3 қараша күні сағат 03:03-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болды. Оқиға кезінде шахтада 106 қызметкер болған. Оның 101-і жер бетіне көтерілген, 5 адам қалып қойған.

«4 шахта жұмысшысының қаза тапқаны анықталды. Олар Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады әкімдік.

Оқиға орнына компания басшылығы, облыс және қала әкімі барды. «Көмір» жедел-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу: