Қазақстан
1 мин оқу 333

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны өседі

<p style="text-align: justify;">Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2023 жылдың 3 қаңтарынан бастап «Qatar Airways» катарлық авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Енді екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті жүргізіліп отырады.

Сонымен қатар, «Qatar Airways» әуекомпаниясы 2023 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде Қазақстан мен Катар астаналары – Астана мен Доха арасында ұшуларды жоспарлап отыр.  

«Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады», делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны өседі · Egemen Qazaqstan