Аймақтар
1 мин оқу 160
Алматыда көліктен зат ұрлаған екі адам ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматыда көліктен ұрлық жасағандар ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.</p>
«Алматы қаласының екі тұрғынынан автокөліктерден жасалған ұрлықтың 20-дан астам фактісі дәлелденді. 1994 жылғы Г. есімді азамат және оның сыбайласы 1994 жылғы Н. есімді азамат автокөлік салонынан бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген», делінген хабарламада.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер Volkswagen Touareg көлігінің әйнегін сындырып, жеке мүлкін ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 миллион теңгені құрайды.
Қылмыскерлер бұған дейін де ұрлық бойынша сотты болған.
Бөлісу:
