Әлем
1 мин оқу 402

Лингвистер 2022 жылдың жаңа сөзін атады

<p style="text-align: justify;">Ағылшын тілінің түсіндірме сөздігін құрастырушылар 2022 жылдың жаңа сөзін атады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Сөздік сайтында «Permacrisis» термині осы жылдың жаңа термині ретінде көрсетілген. 

Сөздік құрастырушыларының айтуынша, «пермакризис» – ұзақ мерзімді тұрақсыздық пен сенімсіздікті сипаттайтын термин.

Бұл сөздің таңдалу себебі биылғы бүкіл әлемдік саяси тұрақсыздықпен, Украинадағы соғыс және климаттың өзгеруімен байланысты. Үміткерлер қатарында «Киев» сөзі де болған.

Бөлісу:
Лингвистер 2022 жылдың жаңа сөзін атады · Egemen Qazaqstan