Медицинадағы медузалар
<p style="text-align: justify;">Әлемде жыл сайын 3 қара­шада Дүниежүзілік медуза күні атап өтіледі. Бұл – жер бетінде адамдарға қара­ғанда ұзақ жыл өмір сүретін мөлдір жела­тинді денесі бар омырт­қасыз теңіз жануары. 500 миллион жылдан астам уа­қыт бойы тір­шілік етіп келе жатқан медуза балық не өсім­дік емес, 98% судан тұратын денесі күмбезге ұқ­сас мөлдір жара­тылыс. Осы медузалардың ме­дици­на­ға пайдасы барын білесіз бе?</p>

Медузаның қаңқасы да, көзі де, миы да жоқ, бірақ әдетте екі жүйке жүйесі болады. Ең кішкентай медузаның диаметрі 4 см болса, корнерот отрядынан шыққан алып Медуза Номура көлемі бойынша диаметрі екі метрге жетуі мүмкін, ал салмағы 200 килограмм.
Медицинада медузаның өңделген денелері бар препараттар бедеулікті, семіздікті, тазды және сұр шашты емдеу үшін қолданылады. Тыныс алу жасушаларынан алынған тыныс жолдарының ауруларын жеңуге және қан қысымын қалпына келтіруге де көмектеседі дейді мамандар. Мәселен Таиланд, Корея, Қытай және Жапонияда медузаны трахеит, бронхит, қан қысымын төмендету үшін қолданады. Орта ғасырларда іш жүргізетін дәрілер мен диуретиктер медузадан жасалса, сондай-ақ стреспен күресуге көмектесетін олардың жай қимылдарының өзі адам жанын тыныштандырады екен. Оларды көбіне теңіз жағалауында орналасқан елдер тамақ өнімдерінде бұрыннан пайдаланады.
Көрнекті швед ғалымы және табиғат зерттеушісі Карл Линней 1752 жылы бұл таңғажайып жануарды медуза деп атаған. Қазіргі ғалымдар қатерлі ісіктерді жеңудің жолдарын зерттеуде медузалардың көмектесу мүмкіндігін растап отыр.
