Таным
1 мин оқу 401

Қыстап қалған аққу

<p style="text-align: justify;">Жылы жаққа бет алған үйірінен қалып қойған сұңқыл&shy;дақ аққу Бурабай кентіндегі зоологиялық бақта қыстап шығатын болды. &laquo;Қызыл кітапқа&raquo; енген құс төресін келер көктемге дейін Президенттің Іс басқармасына қарасты &laquo;Бурабай даму&raquo; серіктестігі бағып-қағады.</p>

Қыстап қалған аққу

Әлсіреп ұша алмай қал­ған құсты Көкшетау қал­асының тұрғындары көріп, жергілікті полицияны ша­қырыпты. Полицейлер та­би­ғат қорғаушы әріптес­те­ріне хабарлаған. Сөйтіп, оқа жағалылар мен Ақ­мола об­лысының орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі инс­пек­циясының қы­з­меткерлері аққуды Бура­байдағы зоологиялық баққа әкелді.

– Балапан аққуды вете­ринариялық тексеруден өт­кізіп, қабылдап алдық. Қат­ты қорқып қалғаны болмаса, зақымданған жері жоқ. Сүйегі сау, бұлшықеті бүтін. Биыл бізде қыстап шықса, көктемде еркіне жібереміз, – дейді бақтың ветеринары Ильдар Файзулин.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық пар­кінде құстың 197 түрі бар, оның ішінде 14-і «Қызыл кітапқа» енген. Сұңқылдақ аққу да – сирек кездесетін қанаттылардың бірі. Бұл ақ мақтадай аппақ, тек тұмсығының ұшы ғана сарғылт болып келетін ға­жап сұлу құс. Бурабайдағы зообаққа әке­лінген аққу то­лық есеймегендіктен, қа­нат-қауырсындары әлі толық ағара қоймапты, сұрғылт түсті. Серігіне адал құстар өмір бойы бір ғана жұппен өмір сү­ретінін де айта кеткен жөн.

Бөлісу:
Қыстап қалған аққу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар