Пікір
2 мин оқу 200

Кешірім – халық қалауы

<p style="text-align: justify;">2 қарашада &laquo;Рақымшылық туралы&raquo; заң күшіне енді. Бұл құжаттың қабылдану себептерін ескерсек, еліміз үшін шын мәнінде тарихи маңызы барын аңғаруға болады. Қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары ақталып, түрлі деңгейде қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілігеді.</p>

Кешірім – халық қалауы

Қаңтар оқиғасына көбінесе «атой­лаған­дардың желеуіне» еріп, тәртіпсіздікті ұйым­дасты­ру­шылардың шын ниетін бірден түсін­беген немесе өздерінің заң­сыз әрекеттерінің зардабын бағамдай алмаған азамат­тарымыз қатысты. Осындай оқиға­лар­дың қасіреті мемлекетіміздің ең жоға­ры құндылықтары – оның егемендігі, тұтас­тығы, конституциялық құқығы мен қоғамдық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, елдің бірлігіне іріткі салды.

Қазіргі уақытта жаппай тәртіп­сіз­діктерге қатысушылардың (ұйым­дас­ты­ру­шыларды есептемегенде) саны 1 600 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 1 500 адам рақымшылыққа ілінген. Рақымшылық заңы тек 4-7 қаңтар аралығында өткен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан, сол жерде болып тұтқындалған азаматтарды қамтиды.

Бір ескеретін нәрсе – рақым­шылыққа іліккен қылмыстық істердің барлығы толық ақталуға жатқызылмайды. Рақым­шы­лық жасау адамды ақтамайды және оны заң тұрғысынан ақтай алмайды, оның мақсаты – жазадан босату немесе оның мерзімін қыс­қарту.

Заң нормаларына сәйкес, қыл­мыстық істерді тек ауыр емес қылмыстар немесе ауыр емес және орташа ауырлықтағы қыл­­мыстар жасаған адамдарға қа­тыс­ты ғана емес, сонымен қатар ауыр қылмыстар үшін жазаны 3/4-ке қысқарту көзделіп отыр. Сонымен қатар егер соттал­ған­ның жазасын өтеуге бір жылдан ас­пайтын уақыт қалса, жаза мер­зі­мі өтелмеген барлық мер­зім­ге қысқартылады.

«Рақымшылық жасау туралы» заңның адамгершілік тұрғысынан да маңызы зор. Мәселен, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар мекемелерден босатылғандарды жұ­мыс­қа тұрғызу, тұрақты тұр­ғы­лықты жері жоқтарды арнайы орталықтарға орналастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға әлеу­меттік және өзге де көмек көрсету жөніндегі іс-шара­лар­ды жүзеге асыруға мін­детті.

Рақымшылық актісі қоға­мы­мызды біріктіру мақсатында Әдлетті Қазақстанның болашағы үшін қабылданды.

Индира ӘУБӘКІРОВА,

М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ профессоры,

заң ғылымдарының докторы

Бөлісу:
Кешірім – халық қалауы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар