Атырауда браконьерлер гаражда балық пен есірткі сақтаған
<p style="text-align: justify;">Ер адам гаражда 120 келіден астам балық пен есірткі сақтаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Полицейлер «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы барысында есірткі мен бекіре балықтарын заңсыз сақтаған үш адамды анықтады. Олардың бірінің гаражын тінту кезінде салмағы 101 келі балық, бекіре тұқымдас балықтан 20 келі, 7 дана көлемінде есірткі заттары табылды. Күдіктілердің бірінің гаражынан 5 моторлы қайық пен тіркелмеген қос ауызды 16-калибрлі шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Ұстауға Атырау облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының және №1 қалалық бөлімнің полиция қызметкерлері қатысты», деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.
1981, 1984 және 1976 жылы туған үш күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне, 296 баптың 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
