Аймақтар
1 мин оқу 310

Петропавлда лифт құлап, бір адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінде лифтінің тросы үзіліп, бір адам көз жұмды, деп хабаралайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ ресми парақшасына сілтеме жасап.</p>

Оқиға 4 қарашада Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде орын алған.

Лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, 39 жастағы ер адам 8-қабаттан шахтаға құлаған. 

Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған факті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелген.

Бөлісу:
Петропавлда лифт құлап, бір адам қаза тапты · Egemen Qazaqstan