АҚШ-тың үш штатында торнадо болды
<p style="text-align: justify;">Жұма күні АҚШ-тың орталық бөлігіндегі Оклахома, Арканзас және Техас штаттарында торнадодан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://russian.news.cn/20221105/16a8e38ab12f4124b94d16bf3797b0ee/c.html">Синьхуа</a> ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, торнадодан Оклахоманың оңтүстігінде бір адам қаза тапты. Сондай-ақ Техас штатында көптеген адам жарақат алды. Техастағы Даллас/Форт-Уэрт халықаралық әуежайында торнадодан туындаған қатты жаңбыр салдарынан жүздеген рейс тоқтатылды.
Торнадо салдарынан үш штатта 100 000-ға жуық үй шаруашылығы мен кәсіпорындар электр қуатынсыз қалды.
