Әлем
1 мин оқу 310

Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады

<p style="text-align: justify;">Танзанияда 43 адам мінген жолаушылар ұшағы көлге құлады. Жергілікті БАҚ әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті полицияның хабарлауынша, Танзанияның солтүстік-батысындағы Букоба қаласының әуежайына қонуға әрекеттенген кезде ұшақ ауа райының қолайсыздығынан Виктория көліне құлаған.

Ұшақ Дар-эс-Саламнан Букобаға бет алған. Борттағы 43 адамның 26-сы құтқарылды, жергілікті билік өкілдері іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.

Бөлісу:
Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады · Egemen Qazaqstan