Әлем
1 мин оқу 234
Ұшақ көлге құлаған: Танзанияда 19 адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Танзаниядағы Букоба әуежайына қонуға дайындалған Precision Air авиакомпаниясының ұшағы Виктория көліне құлады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Citizen газетінің ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 6 қарашада орын алған. Қаза тапқандар арасында экипаж мүшелері мен жолаушылар бар екені анықталды.
Оқиға орнына келген елдің премьер-министрі Кассим Мажалива ұшақ апатынан 19 адам қайтыс болғанын растады.
Басылымның хабарлауынша, ұшақ Дар-эс-Салам қаласынан Букобаға ұшқан. Оқиға орын алған соң, жедел құтқару тобы жіберіліпті.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.
Бөлісу:
