Маңғыстау өңіріне еңбек сіңірген азаматтар марапатталды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Маңғыстау өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
«Парасат» орденімен еңбек ардагері Күзембай Ерғалиев;
«Құрмет» орденімен «Мамандандырылған IT-лицей» КММ мұғалімі Людмила Николаевна Рябова;
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК Сенек дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Жанымгүл Мұрсалқызы Дүйсембаева;
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Өзен жылу» МКК жөндеушісі Сейидали Қияқбаев;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Акжол+К» ЖШС шебері Феруза Бисенбайқызы Қаракесекова марапатталды.

