Аймақтар
1 мин оқу 213

Алматыда мейрамхана өртеніп, 20 адам эвакуацияланды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматы мейрамханаларының бірінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнынан 20 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

7 қараша күні сағат 18:45-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданына шықты. Хабарланғандай, Төле би, 24 В көшесінде ғимарат өртеніп кеткен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес қабатты әкімшілік ғимаратының шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Өртті сөндіру барысында 20 келуші эвакуацияланды.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 11 минут ішінде ауыздықталды.

Бөлісу:
Алматыда мейрамхана өртеніп, 20 адам эвакуацияланды · Egemen Qazaqstan