Заң бұзған Италия азаматы елден шығарылды
<p style="text-align: justify;">Қостанайлық тәртіп сақшылары Италия азаматының қос азаматтығы барын анықтап, елден шығарды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«2022 жылдың қазан айында облыс орталығының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері 2017 жылдан бастап азаматтық заңнаманы бұзған Италия азаматын анықтады», деп мәлімдеді Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қайрат Дүтпаев.
Бұрынғы қазақстандық шетел азаматтығын алу фактісі туралы уақытында хабарламағаны үшін, Қостанайдың әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты оны Қазақстаннан шығару туралы шешім қабылдаған. Сот шешімі 4 қарашада жария етіліпті.
Айта кетейік, азаматтар өзге мемлекеттің азаматтығын алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын немесе шетелдік мекемелерін заң жүзінде хабардар етуі міндетті.
