Оқиға
1 мин оқу 191
Алматыдағы жол апатынан бір адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан 15 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Полиция 98 және 201 автобустарының соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлады.
«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды», деді полицейлер.
Бұдан бұрын хабарлағандай, бүгін Алматыда Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында екі жолаушылар автобусы соқтығысты.
Бөлісу: