Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары
<p style="text-align: center;">Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы</p>

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес 2022 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы:
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі;
«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі;
«Қазақстан спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған, 1953 жылы туған, қазақ, Астана қаласында тұратын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

