Қазақстан
2 мин оқу 295

«Qazdatathon» конкурсы басталды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы мен Ұлттық банктің Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы &laquo;Qazdatathon&raquo; конкурсына өтінімдерді қабылдай бастағанын хабарлайды.</p>

«Qazdatathon» конкурсы басталды

Қазақстанның жоғары оқу орындарының магистратура және докторантура бағдарламаларында білім алушылар деректермен жұ­мыс істеуге бағытталған кон­курс­қа қатысуға шақырылады. Бұл үшін 2-5 адамнан тұратын командалар құрып, datathon.kz сайтында қатысу формасын толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 15 қарашаға дейін жүргізіледі. Жобаға қатысу үшін командалар статистик, экономист, data scientist, математик және т.б. сияқ­­ты әртүрлі саладағы маман­дар­­дан құралуы мүмкін. Бір универ­­ситеттен бірнеше команда қатыса алады.

Конкурс барысында қатысу­шы­ларға осы деректердің негі­зінде жасалған синтетикалық (жасанды) деректер ұсынылады. Бұл құпиялылық саясатын бұзбай микродеректерді жаппай пайдалану мүмкіндігін ашады.

«Бұған дейін біз деректерді жоғары оқу орындарына тек олардың сұранысы бойынша ұсы­натынбыз. Енді жеке деректерді қам­тымайтын синтетикалық дерек­терді пайдалану мүмкіндігін бере аламыз. Осылайша жас ғалымдар олардың негізінде жоба шешім­дерінің нақты моделін жасай алады. Біз жоғары оқу орын­дары байқауға атсалысып, қызық­ты жобаларды ұсынады деп үмітте­неміз», дейді Стратегиялық жоспар­лау және реформалар агент­тігі Ұлттық статистика бюросы­ның басшысы Жандос Шаймарданов.

Сондай-ақ жобаға әр түрлі сала сарапшылары командалар­дың тәлімгерлері ретінде қатыса алады. Бұл үшін Datathon.kz сайтында тәлімгерлерге арналған жеке өтініш формасын толтыру қажет.

«Qazdatathon байқауы data driven шешімдерін қабылдау үшін деректерді басқару және тал­дау мәдениетін құруда негіз болу­ға тиіс. Бұл әсіресе жас маман­дар үшін маңызды. Конкурс қатысу­шы­лары болашақта өздеріне пайдалы болатын бірегей тәжірибе ала­ды деп үміттенеміз», дейді Ұлт­тық банктің Төлем және қаржы тех­нологияларын дамыту ор­та­лы­ғының төрағасы Бинұр Жаленов.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері демеушілер атынан электроника дүкендеріне сый­лық сертификаттарын, дерек­терді талдауға арналған «Qlik» бағдарламасының жылдық лицензиясын, бизнес-аналитика бойынша кітаптар, сондай-ақ кон­курсты ұйымдастырушылар құрылымында тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады. Сондай-ақ, жеңімпаз командаға нақты деректер негізінде жобаны іске асыру мүмкіндігі беріледі.

Бөлісу:
«Qazdatathon» конкурсы басталды · Egemen Qazaqstan