Пікір
1 мин оқу 241

Ізгілік пен мейірімділік құжаты

<p style="text-align: justify;">Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Рақымшылық туралы&raquo; Заңға қол қойды. Аталған құжаттың негізгі мақсаты &ndash; қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтардың қылмыстық әрекетіне кешірім жасау.</p>

Ізгілік пен мейірімділік құжаты

Атап айтсақ, мемлекетімізге, азамат­тарға аса қауіп төн­дір­мей­тін әрекет жаса­ған­дардың жазасы «Рақымшылық туралы» Заң аясында кешіріледі. Мысалы, теріс қылықтар, онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар осы рақымшылық заңына жатады. Әрине, әртүрлі баптар бо­йын­ша қарастырылады.

Бірақ террорлық, экст­ре­мис­тік әрекеттер, сыбайлас жемқорлық қылмыстары және де елімізге опасыздық жасаған азаматтар, азаптаумен айналысқандарға рақымшылық жасалмайды. Себебі олар жалпы қоғамға, мемлекетімізге, әсіресе азаматтарымызға аса қауіп төн­­діретін қылмыстық әре­кет­­тер санатында. Сон­дық­тан не­гізгі рақымшылық заңының басты күретамыры мен түйіні – мемлекет тарапынан, қоғам тарапынан шалыс басқан аза­маттарға жасалған ізгілік пен мейірімділік актісі деп түсінген жөн.

Тағы бір ескере кететін жайт. Рақым­шы­лық жасалған азаматтарға Үкімет тарапынан, жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан жұмысқа орналастыру, денсаулығына қатысты көмек көр­сетіледі. Тұрғын-жайы болмаған жағ­дайда арнайы орталықтар оларды бас­панамен қам­та­ма­сыз ету мәселесін де қа­растырады.

Жалпы, рақымшылық заңы­ның одан әрі орындалуы, осы құжатқа сай босатылған азаматтарды қоғамға бейімдеу мәселесі мемлекет назарынан тыс қалмайды.

Берік БЕКЖАНОВ,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Ізгілік пен мейірімділік құжаты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар