Қазақстан
1 мин оқу 1,220

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді

<p style="text-align: justify;">2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде 299,7 мың сәби дүниеге келген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.</p>

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға аз бала дүниеге келген. 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті - 20,41 сәби.

Аталған кезеңде 101,7 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылдың алғашқы тоғыз айына қарағанда 26,1% аз (137,6 мың адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға - 6,92 қайтыс болған.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 2 453 нәрестенің шетінеуі тіркелді. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 8,5%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 жаңа туған балаға - 8,18 оқиға.

 
Бөлісу:
Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді · Egemen Qazaqstan