Тағайындау
1 мин оқу 721

ШҚО білім басқармасының басшысы ауысты

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы болып Инесса Чернышева тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Инесса Чернышева 1968 жылы туған. 1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы № 38 мектеп-гимназияда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.

2016-2022 жылдары аралығында «Л. Гумилев атындағы № 38 гимназия» КММ директоры болып қызмет атқарды.

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болды.

Бөлісу:
ШҚО білім басқармасының басшысы ауысты · Egemen Qazaqstan