Аршалыда төтенше жағдай жарияланды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының Аршалы кентіндегі жылыту қазандығынан шыққан апатқа байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Жергілікті ауқымдағы ТЖ туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған Аршалы ауданы әкімінің шешімінде жазылған.
Астана қаласындағы 2-ші жылу электр орталығында тіркелген апат себебіне байланысты 9 қазанда Аршалы ауданы жарықсыз қалған.
«9 қарашада сағат 4:00 шамасында Астана қаласының 2-ЖЭО-дағы апатқа байланысты Аршалы ауданы аумағындағы негізгі электр желісі токтан ажыратылды. Резервтік желіні қосқаннан кейін Аршалы кентінің қазандықтарының орталық сорғылары өртеніп, істен шыққаны анықталды.
9 қарашада сағат 21:00-де Жібек жолы ауылдық округінде 6 тереңнен су сору құрылғысының жұмысы қалпына келтірілді. Халыққа су беру 10 қарашада сағат 5:00-де қалпына келтірілді. 11 қарашада тағы 2 тереңдік сорғы құрылғысы орнатылды», деп мәлімдеді Аршалы ауданының баспасөз қызметінен.
