Әлем
1 мин оқу 234

Түркиядан 100 мың мигрант депортацияланған

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері Түркияда заңсыз жүрген 100 мыңнан астам мигрант депортацияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Анадолы агентттігіне сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы сенбі күні Түркияның Ішкі істер министрлігіне қарасты көші-қон жөніндегі бас басқарма басшылығы хабарлады. 

Биылғы жылы 248 727 мигранттың Түркияға заңсыз кіруіне тосқауыл қойылған. Жалпы, 2016 жылдан бері Түркияға заңсыз кіре алмаған мигранттар саны 2 712 148-ге жетті.

Ведомствоның хабарлауынша, қабылданған шаралардың арқасында Түркияға шығыс және оңтүстік шекарадан өткен заңсыз мигранттар саны  өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға азайған.

Бөлісу:
Түркиядан 100 мың мигрант депортацияланған · Egemen Qazaqstan