Президент
1 мин оқу 171

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айтты

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

– Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, 13 қарашада Ыстанбұлдың туристік орталығында жарылыс болған еді. 

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айтты · Egemen Qazaqstan