Саясат
1 мин оқу 150

Отбасы институтын жаңғырту маңызды

<p style="text-align: justify;">Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Шымкент қаласындағы &laquo;АГФ Групп&raquo; тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.</p>

Отбасы институтын жаңғырту маңызды

Тігін фабрикасы ұжымының басым көпшілігі әйелдер қа­уы­­мы бол­ған­дықтан олардың тарапынан кандидат ұсын­ған ана­­­лар­ды, көпбалалы отбасыларды қолдау және ұлттық құн­­­­ды­­­­­лық­та­рды дәріптеуге қатысты іс-шараларға баса мән берілді.

«Отбасы мен аналардың әлеуметтік мәселелері – ел экономикасының дамуын көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Менің сайлауалды бағдарламамда бұл сұрақтарға көп көңіл бөлінген. Әрбір отбасы, әсіресе көп балалы отбасының рухани-өнегелік әлеуеті зор, сондықтан ол халықтың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтарын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін маңызды ұғым болып табылады. Қазіргі кезде отбасы институтын жан-жақты нығайту, оның мәртебесін арттыру, көпбалалы аналарға қолдау көрсету ерекше маңызды», деді Қ.Әбден.

Кездесуге ОБСЕ байқаушылар миссиясының өкілдері Крис­тофер Маккалоу мен Кристина Богданова қатысты. Олар үгіт-насихат науқанының барысымен, Қарақат Әб­ден­нің сайлауалды штабтарының жұмысымен танысты.

Айта кетейік, кандидат Қ.Әбден осы уақытқа дейін 8 облыста 30-дан астам кездесу өткізді.

Бөлісу:
Отбасы институтын жаңғырту маңызды · Egemen Qazaqstan