Қазақстан
1 мин оқу 360

Бюджет қаржысын игере алмаған өңірлер аталды

<p style="text-align: justify;">Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жергілікті бюджеттердің шығыстары 8,1 трлн теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомаға нысаналы трансферттер көзделген. 1 қарашадағы жағдай бойынша 2,6 трлн теңге, яғни қаржының 94,1%-ы игерілді», деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астана қаласы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары қаржыны толық игермеген.

«Бұнын негізгі себептері - жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақытылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу, қазынашылық органдарына төлем шотын кеш ұсыну», деп түсіндірді ол.

Бөлісу:
Бюджет қаржысын игере алмаған өңірлер аталды · Egemen Qazaqstan