Елорда
1 мин оқу 184

Елордада жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">17 қарашада Астана қаласында жұмыс іздеп жүрген азаматтарға арналған кезекті жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.</p>

«17 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мақсатында жұмыссыз азаматтарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға 50-ден астам жұмыс беруші қатысады», делінген хабарламада.

Айта кетсек, жәрмеңке Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша өтеді.

Бөлісу:
Елордада жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді · Egemen Qazaqstan