Қазақстан
1 мин оқу 350

Цифрлық көлік дәлізінің тиімділігі

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚТЖ&raquo; ҰК&raquo; АҚ-да компания басшылығының син&shy;гапурлық PSA International Pte Ltd компаниясы&shy;ның логистика және цифрлық көлік дәлізін дамыту сала&shy;сындағы стратегиялық ынтымақтастық бойынша өкіл&shy;дерімен кездесуі өтті.</p>

Цифрлық көлік дәлізінің тиімділігі

Тараптар Азия-Еуропа цифрлық сауда дәлізін құру мәселелерін талқылады. Бұл бастаманы іске асыру Мем­лекет басшысы елдің тран­зиттік әлеуетін арттыру және жаһандық логистикалық эко­жүйедегі сенімді көлік хабы ретіндегі Қазақстанның имид­жін нығайту бойынша қойған маңызды міндетін шешуге мүм­кіндік береді.

Кездесуде PSA International Pte Ltd – Crimson Logic еншілес компаниясы ҚТЖ мамандарымен бірлесіп әзірлеген бір­ыңғай цифрлық платфор­­ма таныстырылды. Жаңа жүйе­де Calista-AE жеткізу тізбегін басқару бойынша синга­пур­лық онлайн-платформа­ның ҚТЖ ақпа­раттық жүйе­лерімен интеграциялану мүмкіндіктері пайдаланылды.

Цифрлық шешімді Транс­каспий халықаралық көлік бағдарында қолдану жоспарланып отыр. Платформа клиенттер үшін сапалы жә­не ыңғайлы сервис жасап, халықаралық тасымалдаушылар үшін маршруттың тартымдылығын арттырады. Цифрлық формат мемлекеттік органдармен және экспедиторлармен ашық өзара іс-қимылды қам­тамасыз етеді. Транзиттік жүктерді ресімдеу кезінде қағаз құжат айналымын болдырмаудан басқа, жүктерді жеткізу мерзімі қысқарады.

PSA International Pte Ltd – 26 елде терминалдары бар әлемдегі ең ірі порт опера­торларының бірі.

Бөлісу:
Цифрлық көлік дәлізінің тиімділігі · Egemen Qazaqstan