Үкімет
2 мин оқу 312

Қазақстанда ірі теміржол жобасының құрылысы басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қарағандыда ірі теміржол жобасының құрылысы басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Ұзындығы 836 км жаңа теміржол желісін іске қосу отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталған. Құрылыс барысында 419 құрылыс нысаны - 5 ірі көпір, 87 шағын және орта масштабтағы көпір, 288 су жүргізу құбыры, 14 автожол өткелі жүргізіледі. Құрылысты толық аяқтау 2025 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған. 

е

Жұмысты іске қосу рәсіміне Премьер-Министр Әлихан Смайылов онлайн режимде қатысты.

Өз сөзінде Үкімет басшысы осындай стратегиялық маңызы бар жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқанын және республиканың көлік-транзит әлеуетін дамытуда маңызы зор екенін атап өтті.

н

Премьер-Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда елімізде транзитпен контейнер тасымалдау көлемі 4,4 есе өсті, биылғы 10 айда экспорттағы жүк айналымы 74 млрд тонна-километрден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.

Теміржол саласында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы шешім қабылданды. Олардың ішінде Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Дарбаза – Мақтаарал, Алматы маңындағы айналма жолдары бар.

«Міне, бүгін соның бірі әрі ірі жоба Достық – Мойынты екінші теміржол құрылысын бастағалы тұрмыз. Бұл жоба осы бағытта өткізу мүмкіндігін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді және экспорттық тасымал мәселесін толық шешеді», деді Әлихан Смайылов. 

ш

Жобаны іске асыру кезінде 80%-ы Қазақстанның үлесіне түседі. Яғни, шпалдарды, рельстерді, трансформаторларды жасауды, инертті материалдарды, құм мен қиыршық тасты жеткізуді жергілікті компаниялар жүзеге асырады. Сондай-ақ құрылысқа 3 700 адам жұмылдырылмақ, ал теміржол желісі пайдалануға берілген кезде 500 адам тұрақты жұмысқа орналастырылады.

ш

Ресми шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен бірқатар қазақстандық ірі компания өкілдері,  теміржолшылар мен сала ардагерлері қатысты.

Бөлісу:
Қазақстанда ірі теміржол жобасының құрылысы басталды · Egemen Qazaqstan