Саясат
1 мин оқу 303

Байқаушылар дайын

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында президент сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр. Сайлау учаскелерінің әзірлігі бір бөлек, байқаушылар да сайлаудың әділ өтуіне атсалысуға дайын.</p>

Байқаушылар дайын

Орал қаласында «Партиялық емес байқау орталығы» республика­лық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының ұйымдастыруымен маңызды саяси науқанға байқау жүргізу барысы сөз болған брифинг өтті. Филиал сайлау туралы құқықтық талаптарға сәйкес ақпарат беру, сайлаушылар мен бақылаушылардың міндеттерін құқық­тық негізде түсіндіру, жергі­лік­ті сайлау комиссиясымен өзара бір­лескен іс-қимылдар жасауға мүдделі. Яғни орталық бөлімшесі сайлау үдерісіне қоғамдық байқау жүргізу мақсатында құрылған болатын. Бұл – әділ әрі ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз, ерікті бірлестігі. Оның құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер кірді.

«Партиялық емес байқау орта­лығы» республикалық қоғам­дық бірлес­тігінің Батыс Қазақстан облыс­тық аймақтық өкілі Асхат Өкше­баев­тың айтуынша, филиал 21 қыркүйектен бастап 40-тан астам іс-шара өткізген. Атап айтсақ, Орал қаласы мен 12 аудан­дағы байқаушыларға оқыту семи­нар-тренингі, бірінші рет сайлауға қатысатын жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша семинар, өңірдің зиялы қауым өкіл­дері мен үкіметтік емес ұйым­дарымен кездесу, байқау­шы­ларға арналған тренингтер, аймақ­тық сайлау комиссиялары жұмыс­тары­мен танысу, сайлауға түсуші кан­дидат­тардың теңдігін байқау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылған.

Облыстық филиал сайлау күні 505 сайлау участкесінде 901 байқау­шы жұмысын ұйымдастырады. Өкілдікте облыстың 18 координаторы: Орал қаласында – 6, аудандарда – 12 және 54 мобильді капитан, заңгер, БАҚ және әлеуметтік желілерде сараптама жүргізетін еріктілер жұмылдырылмақ.

Бөлісу:
Байқаушылар дайын · Egemen Qazaqstan