Сайлау
1 мин оқу 186
Омск, Бішкек және Делиде дауыс беру басталды
<p style="text-align: justify;">Омск, Бішкек және Делиде сайлау учаскелері ашылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Шетелдегі сайлау учаскелерін қосқанда барлығы 8 162 нүктеде дауыс беру басталды. Еліміздегі 8150 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр.
Алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады. Кейінірек Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Джакарта және Бангкок қалаларында дауыс беру учаскелері ашылды.
Бөлісу:
