Сайлау
1 мин оқу 413

Сайлаудан кейін еліміздің дамуы ерекше серпін алады – Қарақат Әбден

<p style="text-align: justify;">Кезектен тыс президент сайлауында ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбден биылғы сайлау науқанында тұрғындардың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары екенін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бұл сайлаудан кейін еліміздің дамуы ерекше серпін алады деп сенемін. Мемлекетіміздегі демократиялық қозғалыстарды ескере отырып, біз бәріміз бірігіп, әділетті де жаңарған Қазақстанды құруға атсалысамыз», деді Қарақат Әбден.

Үміткер алдағы 7 жылда еліміздің дамуында тиімді қадамдар жасалады деп есептейді.

Бұрын хабарланғандай, Қарақат Әбден кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді.

Бөлісу:
Сайлаудан кейін еліміздің дамуы ерекше серпін алады – Қарақат Әбден · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар