Пікір
1 мин оқу 321

Құқықтық мемлекетке тән үрдіс

<p style="text-align: justify;">Сайлау өткізудің барлық ережесін сақтау қоғамдық бақылауды талап етеді. Бұл тұрғыда байқаушылардың жұмысын атап өту маңызды. Барлық өркениетті құқықтық мемлекеттердегідей сайлау учаскелерінде байқаушылар, оның ішінде халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысты.</p>

Құқықтық мемлекетке тән үрдіс

Орталық сайлау комис­сиясының мәліметіне сүйенсек, сайлауды 600-ден астам халық­аралық байқаушы бақы­лады. Оның ішінде 532 байқаушы 10 халықаралық ұйымнан және 109 байқаушы 35 шет мемлекеттен келген.

Барлық қадағалаушы-ұйым­дар­дың аккредитациясы бар екенін атап өту қажет. Ол аталған қоғамдық ұйымдар өз байқаушыларына (қандай құқықтары мен міндеттері бар, не істеуге болады/ не істеуге болмайды, бұзушылықтар анықталған жағдайда сол актілер қалай толтырылатыны туралы) тиісті оқыту жүргізгенін білдіреді.

Өз байқауларының қоры­тын­дысы бойынша олар сай­лау өткізудің легитимділігін жариялайды деп ойлаймын.

Айдар ҚҰРМАШЕВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы

Бөлісу:
Құқықтық мемлекетке тән үрдіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар