Сайлау
1 мин оқу 371
Шетелде жүрген қазақстандықтардың 88,47%-ы сайлауда дауыс берді
<p style="text-align: justify;">Шетелде жүрген отандастарымыз да саяси науқаннан тыс қалған жоқ. Бұл орайда, Сыртқы істер министрлігі қорытынды деректерді жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ведомство шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмыстарын аяқтағанын нақтылады.
«Шетелде ашылған сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасының 11 360 азаматы дауыс берді, бұл дауыс берушілердің 88,47%-ын құрады», делінген СІМ хабарламасында.
Еске сала кетсек, кеше Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған еді.
Бөлісу:
