Аймақтар
1 мин оқу 620

Атырауда алып бала дүниеге келді

<p style="text-align: justify;">Атырауда салмағы 5,7 келі, бойы 64 см болатын алып бала дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәби облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Алып нәресте – отбасындағы төртінші бала.

«Сәбидің салмағы ірі болған соң, дәрігерлер анасына кесарь тілігі арқылы ота жасады. Ол – биыл өңірде дүние есігін ашқан алғашқы алып бала. Оның салмағы – 5700 грамм, ал, бойы – 64 см. Медицинада нәрестенің салмағы 4 келіден асса, ірі, ал, 5 келіден жоғары болса, алып саналады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ кеше өңірде 34 сәби дүние есігін ашқан. Оның 19-ы ұл, 15-і қыз. Олардың арасында бір егіз бар. Аналар мен сәбилердің денсаулығы қалыпты, бәрі де дәрігерлердің жіті бақылауында.

Бөлісу:
Атырауда алып бала дүниеге келді · Egemen Qazaqstan