Пікір
1 мин оқу 262

Әр дауыс маңызды

<p style="text-align: justify;">Кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтар дауыс берудің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізіп, осылайша, саяси мәдениеттің биіктігін байқатты.</p>

Әр дауыс маңызды

Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сүйенсек, еліміз бойынша сағат 16.00-ге дейін сайлаушылардың 62,34 пайызы дауыс беріп үлгерген. Ең бастысы, дауыс беру заң талабына сай өтті.

Осы жолы әкімшілік ресурс деген ұғымның артта қалғанын байқадық. Ерік­ті мәжбүрлеу болмады, фотоесеп сұ­рал­мады. Керісінше, дауыс беру күні мен бүкіл науқанның тазалығын көрсетуге басымдық берілді. Кандидаттардың сай­­лау­ал­ды бағдарламалары да олардың те­рең дайындалып, жағдайды сараптағанын байқатады.

Кандидаттар сайлауалды бағдарла­маларында елдің даму жолының барлық палитрасын ұсынды. Оның ішінде реформалар, дәстүр, зиялы қауым, әйелдер құқығы мәселелері көтерілді.

Биыл ең бастысы, таңдау бар. «Бә­ріне қарсымын» бағаны демократия­лық таң­даудың жоғары сатысына көте­рілгені­мізді байқатады. Дауыс беру барлық халық­аралық стандартқа сәйкес жасал­ған. Еріктілік пен таң­дауды сезген аза­мат­тар өздері сайлау учаскесінен табылды. Соған қарап-ақ биылғы дауыс беру үлесінің жоғары болатынын бірден аңғарған едік.

Айбар ОЛЖАЕВ,

тәуелсіз сарапшы

Бөлісу:
Әр дауыс маңызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар