Қоғам
1 мин оқу 154

Нәтижелі бағдарлама

<p style="text-align: justify;">Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында &laquo;Қауіпті жүргізуші&raquo; бағдарламасы іске қосылды. Қолға алынған аз уақыттың ішінде бұл бағдарлама өз нәтижесін беріп отыр.</p>

Нәтижелі бағдарлама

Шымкент қаласының по­ли­цейлері жаңа бағдар­лама арқылы құқық бұзушы­лық­тарды анықтап, жол үстінде жиі тіркелетін заң бұзу дерек­терінің алдын алып келеді. Мәселен, сәуір айынан бастап бағдарлама көмегімен Шымкентте 175 460 әкімшілік құқық бұзушы­лық анықталған. Оның ішін­де жал­ған мемлекеттік нөмір ­та­ғып жүрген – 69, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 5853, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құра­лын басқарған 1430 жүргізу­шіге әкімшілік хаттама толты­рылды.

Жолдың қарсы бетіне шық­қан – 302, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 1266, жаяу жүргіншіге басымдық берме­ген – 798, көлік құралын бас­қаруға құқығы жоқ 955 жүр­гізуші белгілі болды. Сондай-ақ басқару құқығынан айырылған – 43, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша 164744 хаттама толтырылып, 3905 автокөлік айып тұрағына жеткізілді.

ІІМ деректеріне сүйен­сек, «Қауіпті жүр­гізуші» бағ­дарламасының кө­ме­гімен жыл басынан бері 8076-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзған 2350 жүргізуші ұсталған екен.

Айта кетейік, Ішкі істер ми­нистрінің тапсырмасымен іске қосылған бағдарламада «Қауіпті жүргізуші» мо­биль­ді қосымша да әзірлен­ген. Қосымшада «Сергек» бейнекамералары, ІІМ Жедел ­бас­қару орталықтары мен мо­бильді қосымшаларының мүм­кіндіктері біріктірілген. Поли­ция қызметкерлері планшеттері арқылы жүргізушінің қазіргі орны туралы мәліметті көре алады.

Бөлісу:
Нәтижелі бағдарлама · Egemen Qazaqstan