Аймақтар
1 мин оқу 180

Алматы маңында тағы екі рет жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Таңертең Алматы қаласының маңында екі рет жер сілкінді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 17 минут аралықта екі жер сілкінісі тіркелді.

Бірінші жер сілкінісі 9:40-та тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.4. MVP магнитудасы - 5.2. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі - 15 км.

Екінші жер сілкінісі 9:57-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 265 км жерде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 7.9. MPV магнитудасы - 3.7. Жер сілкінісінің тереңдігі - 20 км.

Бөлісу:
Алматы маңында тағы екі рет жер сілкінді · Egemen Qazaqstan