Елорда
1 мин оқу 250

Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">Елордада 24 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына арналған жалпықалалық жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке елордада жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында үнемі өткізіліп тұрады. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайында өтеді.

Бөлісу:
Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді · Egemen Qazaqstan