Саясат
1 мин оқу 220

Комитеттің кеңейтілген отырысы

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар &laquo;Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы&raquo; заң жобасын талқылады.</p>

Комитеттің кеңейтілген отырысы

Заң жобасы автокөлікті бақы­лауды автоматтандыруға, пойыз­дардың жолдан шығып кетуі немесе соқтығысу оқи­ға­ла­рын, сондай-ақ кемелердің ава­рия­лық жағдайын тер­геу тәр­ті­бін жетілдіруге бағыт­талған.

Құжат сонымен қатар Қа­зақ­стан Республикасының заңна­ма­сын Халықаралық азаматтық авиа­ция ұйымының стандарттары мен Еуропалық одақтың авиа­ция­лық талаптарына сәй­кес келті­руді көздейді. Заң жобасының нормалары сондай-ақ әуе айлағы маңындағы аумақ­та қызмет ат­қаруға рұқсат алу тетігін реттеуді өз­гертуді және күрделі жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласына инвестиция тартуды көздейді.

Комитет депутаттары кеңей­тілген отырыстың қоры­тындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Комитеттің кеңейтілген отырысы · Egemen Qazaqstan