Қазақстан
1 мин оқу 585

Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу 200 мың теңге болады

<p style="text-align: justify;">Сенаторлар Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және Қазақстанға инвестиция тартуға бағытталған заң жобасын талқылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Заң жобасына енгізілген жаңалықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кезінде ҚҚС салығын 70%-ға азайту жөніндегі ережені кеңейтуді көздейді. Енді төленетін салықтың осылай төмендеуі балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға да қатысты болады. Қант, кондитерлік өнімдер мен ашытқы өндірушілер үшін де ҚҚС мөлшерін 70% төмендету ұсынылып отыр. Заң жобасында сонымен қатар қант шикізатын импорттаушыларды да ҚҚС төлеуден босату ұсынылды.

Заң жобасында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген автомобильдерді бастапқы тіркеуге алу үшін бірыңғай алым мөлшерін қолдану да жазылған. Алым сомасы 200 мың теңге болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында осындай тапсырманы жария еткен болатын.

Сенаторлар заң жобасын талқылау қорытындысы бойынша оны Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу 200 мың теңге болады · Egemen Qazaqstan