Спорт
1 мин оқу 230

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Астанада 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Турнир Баршын көшесі, 30/2 мекенжайындағы № 5 ЖМББМ ғимаратында өтеді.

Алдын ала өтінім бойынша ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180-ден астам спортшы қатысады.

Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойналады. Сондай-ақ жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер аталады.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 24 қарашада өтеді, жарыс 29 қарашаға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді · Egemen Qazaqstan