Қазақстан Елшісі Өзбекстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке сенім грамоталарын табыстады, д</p> <p style="text-align: justify;">еп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР СІМ баспасөз қызметіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/466076?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>
Тапсыру рәсімінен кейін Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек қатынастарының саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы жай-күйі мен даму перспективаларына оң баға беріп, екіжақты қатынастарды нығайтуға деген өзара қызығушылықты атап өтті.
Өзбекстан Президенті Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.


