Таным
1 мин оқу 1,103

Қыш құмыра

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде көне қыш құмыралардың алуан түрі сақталған. Солардың ішіндегі ерекшесі &ndash; түбі сүйірлеу, ернеуі шығыңқы формада жасалған мыс-тас (энеолит) дәуіріне жататын қыш құмыралар. Ол Торғай өңіріндегі Тоқанай деген жерден табылған.</p>

Қыш құмыра

Бұл құмыралардың жасалу мерзімі біздің заманымызға дейінгі үш мыңжылдықтың ортасы мен екі мыңжылдықтың бастапқы кезеңіне келеді.

Ғалымдар оны Терсек мә­дениетіне тиесілі дейді. Тер­сек – энеолит дәуірінің соңғы кезеңдерінде Торғай өлкесін мекендеген тайпалардың мәдениеті. Ол жайында алғаш рет 1940-1950 жылдары А.Формозов зерт­теулерінде оған «терсек тұрақтары», «Тер­сек-қа­рағай мәдениеті» деп анық­­тама берген. Ал осы мәде­ниет туралы С.Қалиева, В.Логвин еңбек­терінде то­лы­­ғырақ қам­тылған. Әсі­ресе өткен ға­сырдың сексе­нін­­ші жыл­дарының орта­сы­­нан басталған зерттеу жұмыс­­тарында Торғай жеріндегі Дүз­бай-2, Дүз­бай-3, Бестамақ, Құм­кешу-1, Қожай-1, Қа­­йыңды-3,Тоқанай-2 се­кілді елді мекендердегі қаз­ба­лар­дан табылған жануарлар сүйек­терінің арасында, әсіресе жылқы сүйектері көп кездескен. Ғалымдардың пайым­дауынша, Терсек мәде­ниеті тайпалары ертеден қа­лыптасқан аңшылықпен қа­тар, мал шаруашылығын же­тік меңгерген. Оның ішінде жылқыны көп ұстаған болуы мүмкін дейді. Алайда Терсек мәдениетінің қола дәуірінің Андрон мәдениетіне тигізген ықпалы тереңірек зерттелмеген.

Бөлісу:
Қыш құмыра · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар