Футбол
1 мин оқу 420

Әлем чемпионаты: Португалия Гананы жеңді

<p style="text-align: justify;">2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Португалия мен Гана арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тартысты өткен кездесуде еуропалық команда 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің 65-минутында Криштиану Роналду пенальтиді орындады. Ганалық қақпашыны қапы қалдырған португалиялық футболшы әлем чемпионаттарындағы сегізінші голын соқты. Есеп – 1:0.

73-минутта ганалық Андре Айю есепті теңестірді. Бұдан кейін португалиялық ойыншылар үш минуттың ішінде екі гол соғып үлгерді. Атап айтқанда, Хуан Феликс 78-минутта, Рафаэль Леао 80-ші минутта қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

Дегенмен Гана кездесуде есеп айырмасын қысқартты. 89-минутта Осман Букари гол соғып, құрамасына үміт сыйлады.

Соңғы минуттарда қос құрамада да гол салатын мүмкіндіктер болды. Бірақ таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

 
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Португалия Гананы жеңді · Egemen Qazaqstan