Қоғам
1 мин оқу 360

Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыттар бойынша ашық

<p style="text-align: justify;">Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыттар бойынша ашық, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ҰК&raquo; АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Республикалық маңызы бар тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеуге 230 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды. Демалыс күндері күре жолдарға 300 м3-тен астам құм-тұз қоспасы себілді.

26-27 желтоқсан аралығында еліміздің 9 өңірінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 40-тан астам рет қозғалысқа шектеу енгізілді. Жолшылар республикалық трассаларда қар құрсауында қалған 300-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тасжолдар ашық.

ҚазАвтоЖол мамандары жолдың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Өткен демалыс күндері ғана 1403 қысқа нөмірі бойынша жұмыс жасайтын call-орталықтың операторлары республикалық трассаларды пайдаланушылардан келіп түскен 2000-нан астам қоңырауды өңдеді.

Бөлісу:
Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыттар бойынша ашық · Egemen Qazaqstan